268
Әлеуметтік желіде, “Біз біргеміз” консультативтік-ситуациялық орталығының белсенділері жағдайға президенттің араласуын сұрайды.
“Ашық дереккөздерден белгілі болғандай, Бишімбаевтың анасы әлі күнге дейін әртүрлі компанияларда ірі бизнес активтеріне ие. Бұл сотталған жемқор шенеуніктің үкімді орындаудан және мүлкін тәркілеуден жалтарып үлгергенін көрсетеді”, – делінген петицияда.
Қазірдің өзінде 59 мыңнан астам адам қол қойып үлгерген.
Айта кетейік, қол қойып қарсылық танытқан адамдар, наразылықтары еленбесе, жалпыхалықтық митингіге шықпақ.