Әлеуметтік желі де, күзетші мен өзін блогер санайтындардың арасында жанжал туындаған видеосы тарады. Оқиға, Атыраудағы “Мемлекеттік сараптама орталығы” мемлекеттік мекемесінде орын алған.
Өздерін блогер деп таныстырғандар, мемлекеттік ғимараттағы бірнеше кемшіліктерді айтып ішке кіреді. Мекеме күзетшісі оларға ескерту беріп, шығарып жібермек болады. Алайда, блогер оған көнбестен, айқай шығарады. Видеодан ер адамның күзетшінің аяқ киіміне тиісіп, “сен бомжсың ба?”, “сен кімсің?”, “сен еркек емессің, белдемше киіп ал” дегенін естуге болады.
Салдарынан, күзетші, жұмыс орнындағы оқиғаға байланысты басына қан құйылып қайтыс болған. Марқұм Хәкім Иманиязов 56 жаста болған. Артында әйелі мен бала шағасы қалды.
Қазіргі таңда, бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның ақ-қарасы анықталатын болады.