178
Батыс Қазақстан облысында бухгалтер 7 млн теңге бюджет қаражатын жымқырып, құмар ойынға жаратып жіберген.
Қаратөбе аудандық прокуратурасымен күдікті мекеме басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз қолданып, 7 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырғаны анықталды. Ол, осы заңсыз әрекеті үшін 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, осы мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналыса алмайды.
Айта кетейік, сотталушы келтірілген шығын көлемін толық өтей алмады. Тек 1 млн теңгеден астамын ғана қайтарған. Ол, сот процесінде жымқырған қаражатты құмар ойындарға жаратып жібергенін жеткізді.