Дәрігерге шабуыл жасағандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

33

Медицина қызметкерлерін қорғайтын заң күшейтіледі.  Яғни, дәрігерлерге шабуыл жасағандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыру мақсатында қылмыстық жауапкершілік күшейтілмек. Жаңа заң жобасы биылғы күзде Парламент қарауына ұсынылады.

Заң жобасына сәйкес, енді дәрігерлерге күш қолданғандарға қатысты жаза мынадай болады:

🔹 Бір медицина қызметкеріне шабуыл жасаған жағдайда — 2 жылдан 7 жылға дейін;

🔹 Төтенше немесе әскери жағдай кезінде жасалған шабуыл үшін — 10 жылға дейін;

🔹 Бірнеше дәрігерге ұйымдасқан түрде күш көрсеткендер — 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл бастама медицина саласындағы қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларға деген құрметті арттыруға бағытталған.

 

Алдыңғы пост
Қазақстанда еңбек тапшылығы бар өңірлерде қоныстандырудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу жоспарлануда
Келесі пост
Жолда жарыс ұйымдастырғандар жауапкершілікке тартылды 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu