59
Оқиға, Fly Arystan әуе компаниясының Шымкенттен Астанаға ұшқан рейсінде орын алған.
Ұшақ бортында денсаулығы сыр берген қыз есінен танып қалған. Ең алдымен бортсеріктер көмекке келгенімен, іштегі дәрігерлердің көмегіне жүгінуіне тура келген.
Бортта нейрохирург және кардиолог Нұрсұлтан Әуелбекұлы Құрбанбеков болған. Ол, өзге де дәрігерлердің көмегімен 20 жастағы студенттің өмірін аман сақтап қалған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін, Qazaq Air әуе компаниясының Қызылорда-Астана бағытында осындай оқиға орын алған болатын. Ұшақ бортындағы азаматтың жүрегі мен тынысы тоқтап қалған. Ол кезде, Астана медицина университетінің интерн-дәрігері Дінмұхаммед көмектескен еді.