Спортшымыз ядро лақтырудан F36 санатында бақ сынады. Оның нәтижесі – 16 метр.
Азия құрлығында жаңа рекорд орнатқан спортшыны су жаңа министр құттықтап, тілек білдірді.
«Бүгінгі күн біз үшін жемісті де жеңісті өрілді. Давид Дегтяревтің алтын жүлдесіне бөркімізді аспанға атып қуанып жатқанда, Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан F36 санатында Париж Паралимпиадасының қола жүлдегері атанды! Оның үстіне Азия құрлығының рекордын жаңартты. Ол ядроны 16 метрге лақтырды. Дастанды Париж төріндегі жүлдесімен шын жүректен құттықтаймын! Кіл мықтылар қатысқан дүбірлі додада медаль олжалау – үлкен ерлік! Давид пен Дастанның жеңісті жолы басқа спортшыларға да жұғысты болсын!», – деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Алтын медальді Владимир Свиридов (17.18 метр) еншіледі. Ал күміс жүлде Кокоити Аланға (15,84 метр) бұйырды.
Паралимпиаданың жетінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Оның біреуі 1 алтын, 1 күміс, 1 қола.