517
Мәдениет министрлігі қаулы жобасына сәйкес, “сахнада балағат сөздер айтып, әдепсіз мінез-құлық танытқандарға айыппұл салу керек деп отыр. Яғни, сахнаға масаң күйде шығатындарды жауапкершілікке тарту керек деп санайды.
Нақтырақ айтар болсақ, жеке тұлғаларға 150 АЕК (553 800 теңге), заңды тұлғаларға 300 АЕК (1,1 миллион теңге) көлемінде айыппұл салуды ұсынып отыр. Егер, бір жыл ішінде осындай құқықбұзушылық қайталанса, жеке тұлғаларға 200 АЕК (738 400 теңге), заңды тұлғаларға 600 АЕК (2,2 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынбақ.