Ішкі істер министрлігі еліміздің құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген 311 күдіктіні ұстады.
Оның ішінде: кісі өлтіргені үшін – 7 адам; қарақшылық шабуыл жасағаны үшін – 1 адам; денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін – 6 адам; тонау жасағаны үшін – 7 адам; бопсалау қылмысы үшін – 1 адам; ұрлық үшін – 75 адам; есірткімен байланысты қылмыстар үшін 10 адам құрықталды деді полиция өкілдері.
«Өткен жылы Астана қаласында тұратын азаматтың автокөлігін ашық түрде тартып алған 40 жастағы ер адам Түркістан облысында ұсталды. Маңғыстау облысында 50 жастағы ер адам құрықталды. Ол былтыр жазда тоғыз келіден астам гашиш сатқан. Сонымен қатар, полицейлер, ТМД және алыс шет елдер үшін 85 қылмыскерді ұстады. Мысалы, Түркістан облысында мемлекеттік шекарадан өтпек болған кезде екі жыл бұрын Мәскеу тұрғынын өлтіргені үшін іздеуде жүрген 42 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Сондай-ақ Жамбыл облысында шетел азаматы ұсталды. 2014 жылы Тәжікстан полицейлері одан 72 келіден астам гашиш тәркілеген», – деді Қанат Нұрмағамбетов.
Айта кетейік, хабар-ошарсыз кеткен 145 адамның жүрген жері анықталды.