Еліміз бойынша шекара бекеттерінде 4 мыңға жуық азамат заңнама бұзған

86

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы мамырда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, жұмыс істеді деп хабарлады ҰҚК.

Шекара кеңістігінде 3 963 ҚР заңнамаларын бұзушыны ұстады, соның ішінде:

30 шетел азаматы – шекараны бұзғаны;

26 шетел азаматының – шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 443 заңсыз алып өту фактісінің алды алынды, оның ішінде:

жалпы салмағы 5 кг астам – есірткі заты, соның ішінде жалпы салмағы 200 кг-дан асатын прекурсорлар;

62 факті – қару-жарақ пен оқ-дәрілер (1 дана атуға жарамсыз, 3 дана ату, 1 дана травматикалық, 464 дана суық қару, 93 дана оқ-дәрі, 23 дана электрошокер);

26 факті – діни әдебиет (135 дана);

373 факті – жалпы сомасы 27 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (50 000 литрден асады);

837 факті – жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;

133 факті – жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

🔹 Каспий акваториясында 32 браконьерлік фактінің алды алынды, сондай-ақ:

21 дана – жүзу құралдары;

40 км-дан астам – торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;

140 дана (770 кг) – бекіре тұқымдас балықтар;

алдын алынған залал сомасы шамамен 320 млн теңгені құрайды.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілмеген, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуына орай видео үндеу жолдады
Келесі пост
Павлодар облысында вейптердің заңсыз саудасымен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu