Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов химия және мұнай химиясы салаларын дамытуды ынталандыру үшін қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
«Бүгінде химия өндірісіне арналған шикізаттың шамамен 45%-ы терең өңделмей, бірден экспортқа шығарылады. Еліміз жыл сайын 800 мың тоннаға жуық фосфорит шикізатын экспорттайды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі шикізатты қайта өңдеу бойынша жоғары технологиялық жаңа жобаларға жеке инвестиция тарту үшін жағдай жасауы қажет»,— деп тапсырды Олжас Бектенов.
Сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігі Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерімен бірлесіп, осы жылдың 1 шілдесіне дейін Үкіметке химия және мұнай-газ химиясы жобаларын салықтық және кедендік ынталандыру бойынша нақты шаралар мен ұсыныстар енгізу міндеті қойылды.