Елімізде 12 блогер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялады

88

Мемлекеттік кірістер комитеті кірістерді төмендету бойынша камералдық бақылау туралы хабарламаларды орындау шараларын жалғастыруда. Осы шаралар барысында 12 блогер өз еркімен 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялап, 73,6 млн теңге салық төлеген.

«Бүгінгі таңда барлығы 854 блогерге «кірісті төмендету» бойынша заң бұзушылықтар үшін 71,9 млрд теңге сомасында камералдық бақылау туралы хабарламалар жіберілді. Орындау мерзімі – 30 жұмыс күні. Сонымен қатар, 71,9 млрд теңге көлеміндегі айырмашылықтар төленбеген салықтардың сомасы емес екенін атап өткен жөн. Көрсетілген айырмашылық сомалары блогерлердің салық декларацияларында көрсетілмеген болжамды табыстарын білдіреді»,- деп жазылған мәлімдемеде.

Салықтардың есептелуі мен төленуі салық заңнамасында белгіленген тиісті ставкалар бойынша ұсынылған декларацияларға сәйкес жүзеге асырылуда дейді мамандар.

Алдыңғы пост
Қоқыс жәшігінен нәрестенің мәйіті табылды
Келесі пост
Премьер-министр Олжас Бектенов кәсіпкерлерді екі апта ішінде салық төлеуге шақырды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu