Апатты жағдай барысында 7 адам ажал құшты.Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты.
“Бірнеше өңірде қайғылы оқиғалар орын алды. Атырау облысында 4 адам суға батып кетті. Түркістан облысында кішкентай бала суға кетті. Абай облысында трактормен екі адам бар. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатыр. Сол тергеудің нәтижесінде, кім кінәлі? кімнің қатысы бар? Анықтаймыз. Сол бойынша шешім шығады”,- деді спикер.
Айта кетейік, бүгінге дейін 118 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Оның ішінде 43931 бала бар. Сондай-ақ, 113852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. Ал, 18651 адам үйлеріне оралды.
Бұдан бөлек, эвакуациялау пункттерінде 6887 адам орналастырылды. Оның ішінде 3166-сы бала.
Ал, 10,1 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 3,2 млн. астам қапшық пен 1,4 млн. тонна инертті материал төселді. 4216 тұрғын үй мен 2698 аула аумағынан су бұрылды деді жауыптылар.