Елімізде туристерге толық жағдай жасалмаған: Туризм және спорт министрі курортты өңірлерді аралап жүр

26

Президент тапсырмасы бойынша, Туризм және спорт министрі курортты өңірлердің жай-күйін бағалау үшін өңірге барды. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев бастаған Үкіметтік делегация, курортты өңірлердің қазіргі жай-күйін бағалау, проблемалық орындарды анықтау және туристік жобалардың іске асырылуын бақылап шықты.

«Қонаев қаласындағы курортты өңірді аралады. Өңірде бірқатар өзекті мәселелер әлі де шешімін таппаған. Қоғамдық және жекеменшік жағажайлардың кейбірінде туристерге қажетті ең негізгі жағдайлар жасалмаған. Атап айтқанда, санитарлық-гигиеналық тораптар, душ кабиналары, қоқыс жәшіктері, арнайы белгілер, қоршаулар, құтқару мұнаралары жоқ. Кейбір аумақтарда су көліктерінің қозғалысы реттелмеген, ақпараттық тақтайшалар орнатылмаған, судағы қауіпсіздік талаптары бұзылған. Мұндай жағдайлардың себептерінің бірі – сапа стандарттарын енгізуге деген ынталандыру тетіктерінің әлсіздігі. Бүгінде еліміздегі қонақүйлердің тек 5,7 пайызы ғана ресми түрде жұлдызды санатқа ие. Салада қолданылып жүрген қызмет көрсету стандарттары қазіргі заманғы туристердің сұранысына көбіне сәйкес келмейді. Бұл мәселе қазіргі уақытта Мәжілісте қаралып жатқан «Туристік қызмет туралы» Заңға енгізілетін өзгерістер аясында пысықталуда. Түзетулерде туристік қызмет сапасын арттыру және инфрақұрылымды дамыту бойынша Министрліктің өкілеттіктерін кеңейту көзделген»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Бұдан бөлек, экологиялық мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. Мәселен, Балқаш көлінде су деңгейі тұрақты болғанымен, Алакөлде жиі құбылып тұрады.

«Мемлекет тарапынан тек қазіргі проблемаларды шешіп қана қоймай, жүйелі түрде тәртіп орнатып, азаматтардың күткеніне сай келетін жағдай жасау қажет. Туризм – елдің бет-бейнесі. Алакөл, Қапшағай, Балқаш сияқты табиғи өңірлерде құрылыс жүргізгенде жағалау сызығының ауытқуын ескеріп, қорғалатын аумақтарды белгілеу керек. Сондай-ақ халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл бағытта жауапкершілік жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі», – деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Сапар қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жағажай аймақтарын белгіленген стандарттарға сәйкестендіру және анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша нақты тапсырмалар берілді. Жұмыстардың орындалуы кейіннен қайта тексеріледі.

Алдыңғы пост
Қазақстанда әуесқойлар арасында футболдан жаңа чемпионат басталды
Келесі пост
16 мемлекеттік қызметкер құмар ойынға бәс тіккені үшін жазаланды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu