17
“Кеңейтілген тәркілеу” деп аталатын нормаға сәйкес, мүліктің заңды жолмен алынғанын дәлелдей алмаса, тәркіленеді. Бұл енгізуді мәжіліс депутаты Марат Башимов ұсынып отыр.
“Жақында Мәжілісте ақшаны заңсыз жолмен жылыстатуға қарсы маңызды заң жобасы бірінші оқылымға шығарылады. Мен оған халықаралық FATF (Ақшаны жылыстатуға қарсы қаржы шараларын әзірлеу тобы – ред.) ұйымы ұсынған 100-ден астам түзету мен құқықтық норма енгіздім. “Кеңейтілген тәркілеу” институты еліміз үшін аса маңызды. Өйткені мұндай көлемде ұрлық әлемде еш жерде болмаған”, – деді депутат.