Еліміздің төрт өңірін байланыстыратын «Жезқазған – Петропавл» тасжолы толық жаңартылады

121

Облысаралық және ауданаралық жолдарда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мамандар республикалық маңызға ие 10 мың шақырым жолды орташа жөндеумен қамтиды. Мәселен, еліміздің төрт өңірін жалғайтын «Жезқазған – Петропавл» автожолы толық жөндеуден өтпек деп хабарлады ҚР Көлік министрлігі.

Бұл жолда орташа жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталып, 590 шақырым жол қамтылды. Биыл тағы 113 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр.

Көлік министрі Марат Қарабаев Қостанай облысының Арқалық қаласына іс-сапары барысында сөз етілген жолдың жағдайын тексеріп, өткен жылғы жол-құрылыс маусымының нәтижелерімен танысты.

Аталған автожолдың жалпы ұзындығы 940 шақырымды құрайды. Оның 125 шақырымы Қостанай облысының аумағымен өтеді.

Автожолды орташа жөндеу жұмыстарымен қамту өңірдің дамуы, көлік қолжетімділігін арттыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту үшін маңызды. «Жезқазған – Петропавл» тасжолы Арқалықты облыс орталығы Қостанаймен, сондай-ақ Астана және Жезқазған қалаларымен байланыстыратын негізгі көлік артериясы.

Алдыңғы пост
Зеленский ресурстар жөніндегі келісімге қол қою үшін АҚШ-қа бармақ
Келесі пост
163 мың адам наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш берді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu