Қазақстанда алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын балалардың құжаттар қабылдау басталды. 1-сыныпқа өтініш беру 1-сәуір мен 1-тамыз аралығында жалғасады. Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрондық үкімет веб-порталында, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде көрсетіледі. Балалар 6 жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.
Өтініштер демалыс және мереке күндерінен бөлек дүйсенбі, жұма аралығында қабылданады. Ол үшін төмендегі құжаттар талап етіледі:
– Ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
– Жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
– “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және “Бала денсаулығы паспорты” 026/у-3 есеп нысаны;
– баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi;
– Ерекше білімді қажет ететін балалар болған жағдайда «Педагогикалық – психологиялық –медициналық кеңесі» қорытындысы.
Айта кетейік, биыл Шымкентте 27 мың бала 1-сыныпқа барады деп күтілуде.