200 мың теңге. Қазақстанда шетелдік автокөлікті заңдастырудың бағасы осындай

Теги: , , , , , , ,
200 тыс. тенге. Такова цена вопроса легализации иностранного авто в Казахстане
410

Сенаторлар Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға және Қазақстанға инвестиция тартуға бағытталған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

Заң жобасына енгізілген жаңалықтар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кезінде ҚҚС салығын 70%-ға азайту жөніндегі ережені кеңейтуді көздейді. Енді төленетін салықтың осылай төмендеуі балық өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға да қатысты болады. Қант, кондитерлік өнімдер мен ашытқы өндірушілер үшін де ҚҚС мөлшерін 70% төмендету ұсынылып отыр. Заң жобасында сонымен қатар қант шикізатын импорттаушыларды да ҚҚС төлеуден босату ұсынылды.

Заң жобасында Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден әкелінген автомобильдерді бастапқы тіркеуге қою үшін бірыңғай алым мөлшерін қолдану да жазылған. Алым сомасы 200 мың теңгені құрайды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында осындай тапсырманы жария еткен болатын.

Сенаторлар заң жобасын талқылау қорытындысы бойынша оны Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Алдыңғы пост
Атырауда қылмыстық топ есірткінің ірі партиясын тасымалдап келген
Келесі пост
Қазақстандық автожолдарда “Сергек” камераларына ұқсас жүктерді өлшеудің автоматтандырылған жүйелері орнатылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu