Тоқаев Сенатқа сайлау күнін белгілеп, бірқатар Жарлықтарға қол қойды, олардың арасында:
– Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы;
– 2023 жылғы 14 қаңтарға ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы;
– ҚР жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы;
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы.
Естеріңізге сала кетейік, бұл ретте 50 депутаттың 10 парламентшісін Президенттің өзі тағайындайды. Сондай-ақ, Астана, Алматы, Шымкент және облыстардың әкімдері, сондай-ақ Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары Президент ұлықталғаннан кейін міндетін атқарушы мәртебесіне ауысқаны белгілі болды.
Тиісті жарлықтарға Тоқаев қол қойды.