279
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Заңға сәйкес 2024 жылдың айлық есептік көрсеткіші, ең төменгі жалақы мөлшері мен зейнетақының ең төменгі мөлшері бекітілді.
2024 жылы елімізде:
Ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;
Айлық есептік көрсеткіш – 3 692 теңге;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;
Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге.