​​3-сыныптан бастап қой бағып, қарбыз еккен шенеунік әкім болды

Теги:
540

Түркістан облысында бала күнінде қой бағып, қарбыз егуді ерте меңгерген шенеунік Нұрбек Бадырақов Ордабасы ауданының әкімі болып тағайындалды.

34 жастағы шенеунік бұған дейін Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарып келген.

1988 жылдың 11 маусымында Шардара ауданында дүниеге келген Нұрбек Бадырақов М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Қазақстан халықтар достығы университетін тәмамдаған. Мамандықтары – су ресурстары және суды пайдалану және құқықтану.

Еңбек жолын 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасында статист болып бастаған.

Әкімдік креслоға отырған ауданның жаңа басшысы 3-сынып оқып жүрген кезінен бастап қой баққан. Ал 5-сынып оқушы кезінде қауын-қарбыз егуді меңгерген. Бұл туралы ол ELITAR.KZ жобасы SAIASAT.NOT бағдарламасында айтқан болатын.

Бұған дейін Ордабасы ауданының әкімі қызметін атқарған Бағлан Батыршаев өз еркімен қызметінен босатылды.

Алдыңғы пост
Алматыда 75 жастағы әжейді үйінің алдында тонап кетті
Келесі пост
Түркістандық жігіт әкесінің атынан жасырын түрде несие рәсімдеп алған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu