Түркістан облысының түрғыны полицияға арызданып, өзінің әлеуметтік желісін өзге біреу бұзып кіріп, таныстарынан ақша алғанын жеткізген. Дереу тергеу жүргізген полицейлер, Жамбыл облысының тұрғынын ұстады. Ол Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен қолға түскен.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркеуге алынды. Жан-жақты жүргізілген тексерулер нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Тәртіп сақшылары оны Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ұстады. Ол Жамбыл облысының жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Полиция бөліміне жеткізілген жас жігіттің Астана қаласының сотымен осындай 42 қылмыстық іс бойынша іздеуде жүргені анықталды, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, күдікті жәбірленушілерге 2 млн теңгеге жуық шығын келтірген