60 жастағы фермердің шаруа қожалығынан 8 келі есірткі табылды

170

Жамбыл облысында 60 жастағы фермерден 8 келі есірткімен ұсталды. Полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында Меркі ауданындағы Тәтті ауылынан 17 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығының аумағындағы жертөледен ерекше иісі бар қоңыр-жасыл түсті, өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакетін тапты.

Сараптама қорытындысына сәйкес табылған зат жалпы салмағы 7 келі 260 грамды құрайтын «кептірілген марихуана» және 88 грамм «гашиш» есірткі болып шықты.

Ұсталған күдікті Шу ауданының тұрғыны. Ол өз  өз кінәсін мойындап, Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

«Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді»,-деді Жамбыл облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Алдыңғы пост
Шымкенттегі медициналық ұйымдарда Ашық есік күні өтіп жатыр
Келесі пост
СҚО-да бір үйден үш адамның денесі табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu