А-2 айналма тас жолын қайта құру жұмыстары 82% пайызға орындалды

224

Ташкент – Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары атқарылуда. Аталған жол 31 шақырым, 8 кезең бойынша жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов нысан басына барып, жұмыс барысын бақылады. Бүгінде 1-ші және 3-ші кезеңінің құрылыс жұмыстары мен Бадам өзенінен өтетін көпірдің құрылысы аяқталды.

Биылғы жылдың шілде айында Ынтымақ шағын ауданына баратын жол қиылысынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты қамтитын 2-ші кезеңі толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін 4-ші кезеңді толығымен аяқтау жоспарланып отыр. А-2 айналма тас жолының 4 кезеңі Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейінгі аралықты қамтиды.

Жалпы ұзындығы 1,86 шақырымды құрайтын  автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты. Жолдың екі жағынан да арық, жасыл аймақ, тротуар салу, көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. А-2 айналма тас жолын қайта құру жұмыстары 82% пайызға орындалды.

Айта кетейік, соңғы 5 жылда ұзындығы 900 шақырымнан астам асфальтталған жол салынып, қаланың орталық бөлігіндегі ірі жолайрық пайдалануға берілді. Биылғы жылы қалаға кіреберістегі басты магистралды жолдағы жолайрықтың құрылысы, қаланың Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын магистралды жолдың, қаланың транзиттік әлеуетін арттыратын Бәйдібек би-Арғынбеков жолайрығы, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдары, Қонаев даңғылының 3-ші кезеңін, А-2 автомобиль жолының 2-ші кезеңін, Өтегенов көшесінің жалғасын, Темірлан тас жолы және А-2 автомобиль жолындағы үш жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдалануға беру көзделіп отыр.

Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз брифингте мәлімдеді. Мұрат Дүйсенбекұлы халықты инфрақұрылыммен қамтуда бірінші кезекте, ауыз су, электр, табиғи газ мәселесін шешуге көңіл бөлінгенін жеткізді. Аталған мәселелер шешімін тапқан соң көлік инфрақұрылымын дамытуға мән беріліп жатқанына тоқталды.

–Салаға ауқымды қаражат қажет етуіне байланысты ірі жобалар кейінгі жылдарға шегеріліп келді. Көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаражаттың көлемін биыл 38,0 млрд теңгеге жеткізіп, 2018 жылмен салыстырғанда 5 есеге ұлғайтылды – деді қала әкімі.

Нәтижесінде мегаполисте жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін 2018 жылғы 54 пайыздан биыл 71 пайызға жеткізу көзделуде.

Алдыңғы пост
Оңтүстік айналма жолы – транзиттік көліктердің қала сыртымен жүруіне мүмкіндік береді
Келесі пост
Қонаев даңғылы: бадам өзенінен өтетін көпір саттарханов көшесіне жалғасуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu