Ақтөбеде 20 кәсіпкердің шоты заңсыз бұғатталған

Теги: , , ,
311

Ақтөбе облысында 20 кәсіпкердің шоты заңсыз бұғатталған. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Талдау нәтижеcіне сәйкес облыстық мемлекеттік кірістер органдарымен ағымдағы жылы камералдық бақылау нәтижелері бойынша 20 кәсіпкерлік субъектісіне хабарламалар қойып, олар шоттарын бұғаттауға әкеп соққаны анықталған. Тиісінше олар кәсіпкерлердің қызметіне кері әсерін тигізген. Прокуратура қойылған хабарламалардың заңдылығын зерделеп, оларды негізсіз деп таныған және қадағалау актісін енгізді.

Нәтижесінде салық органының шешімдері жойылып, кінәлі тұлғалар жауаптылыққа тартылды. Ал кәсіпкерлер өз қызметіне қайта кірісті.

Ведомство мәліметінше, салық органының басқа да актілерінің заңдылығын тексеру жалғасуда.

Алдыңғы пост
Астанада 18 жасар бойжеткен балконнан құлап, көз жұмды
Келесі пост
Өткен жылы елімізде 8268 егіз бен 151 үшем дүниеге келген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu