438
6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ақтөбелік дүкендердің бірінде ұрлық жасамақшы болған қарақшыны қолға түсірді. Қызметтен үйлеріне қайтып бара жатқан әскери қызметшілер «Гүльзат» дүкеніне ұрлыққа түсіп жатқан қаскөйді байқайды. Ұрлық жасамақшы болған азамат әскерилерді көріп, қолындағы пышағын лақтырып, дүкеннен қашып шығады. Дегенмен ептілік және қырағылық танытқан ұландықтар ұрының ізін кесіп, қашуына жол бермеді. Ұсталған заң бұзушы полиция қызметкерлеріне тапсырылды.