300
Ақтөбеде ер адам адыр далада қасқырды шынжырмен ұрып өлтірді. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Облыс полицейлері әлеуметтік желілерді талдау барысында бейнежазбада қасқырды шынжырмен ұрып-соққан ер адамды анықтады.
Ырғыз ауданының тәртіп сақшылары 37 жастағы жергілікті тұрғынды анықталды. Ұсталған адам қасқыр оның малына шабуыл жасамақ болғанын айтқан. Содан ол қасқырды мотоциклімен қуып жетіп, шынжырмен өлтіргенін түсіндірді.
Полиция мәліметінше, ауыл тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес “Жануарларға қатыгездікпен қарау” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.