322
Ақтау қаласының тұрғыны Азамат Сәрсенбаев, облыс орталығының маңында иттердің өлекселері өртеліп жатқан видеоны жариялады. Сөзіне сенсек, бұл жануарлар атылған иттер дейді.
Сонымен қатар, блогер жануарларға жаны ашымағандарды тілге тиек етіп, обалсынғанын жеткізген.
Айта кетейік, иттерді кастрация жасау, ату сынды жайттарға қоғам пікірі екіге бөлінген болатын. Тіпті, қолға үйретілген иттерге чип салу керектігі айтылған болатын. Ал бұл көрініске де байланысты, тұрғындардың пікірі әртүрлі. Бірі қатігездік деп сынаса, бірі қолдап отыр