Ақтауда қызметтік иттің көмегімен жоғалған бала табылды

401

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6656 әскери бөлімнің әскери қызметшілері Ақтау қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүріп,қызметтік иттің көмегімен жоғалған баланы тауып ата – анасымен қайта қауыштырды. Бұл оқиға ағымдағы жылдың 21 – қаңтарында сағат 19.30 шамасында орын алған.  Ақтау қаласының тұрғыны үйдің ауласында ойнап жүрген 6 жасар баласын табалмай қалып, көшеге қарай жүгіріп баласын  іздеп шығады. Осы сәтте 9 – шағын  ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген ұландықтарды көріп, дереу қастарына келіп болған мән – жайды айтып түсіндіреді. Ұландықтар ақпаратты барлық әскери жасақтарға жеткізіп, іздеу жұмысына кіріседі. Іздеу жұмысы барысында бала жоғалған аймақтан оның мойын орағыш орамалы табылып, осы орамал арқылы «Марс» атты қызметтік итті іздеу жұмысына қолданады.Кинолог маманы қызметтік итке баланың табылған затын искеуге бұйрық беріп, қызметтік итті іздеуге жібереді. Қызметтік итті қолдану арқылы іздеу жұмысы барысында, жоғалған баланы  7- шағын ауданында орналасқан  №28 үйдің қасынан тауып, анасына табыстайды. Айта кету керек,  Марс қызметтік іздеу иті Ұлттық ұланда 2018 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол осы уақыт ішінде көптеген жоғалған балдарды тауып, әр түрлі қылмыстарды ашуға көмектескен.

Ертуған Әубакир, капитан

Алдыңғы пост
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан қатары тағыда толыға түсті
Келесі пост
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Шымкентте шыны конструкцияларын өңдеу және өндіру зауытын іске қосу рәсіміне қатысты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu