«Ақжар» қосалқы станциясы арқылы 50 мың тұрғын электр жүйесіне қосылады

164

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Ақжар» қосалқы станциясына барып, ондағы құрылыс жұмыстарына бірқатар шолу жасады. Жалпы аумағы 732 шаршы метрді құрайтын «Ақжар» қосалқы станциясының құрылыс жұмыстары 2019 жылдан бастап жүргізілуде.

Қазіргі уақытта «Забадам» қосалқы станциясынан «Ақжар» қосалқы станциясына дейінгі қазылған электр кабелінің ұзындығы 12,3 шақырымды құрайды. Станцияда орнатылатын негізгі жабдық 110 кВ трансформаторы. Нысанның құрылысы биылғы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқталатын болады. Нәтижесінде «Ақжар» станциясы арқылы 50 мыңға жуық халық, сондай-ақ сол аумақтағы бизнес нысандары электр қуатымен қамтамасыз етілуге мүмкіндік алады. Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыс сапасын назарға ала отырып, жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Айта кету керек, 2025 жылға дейінгі экономикалық-әлеуметтік даму көрсеткіштері жоғарылады. Қаратау ауданындағы халық саны бүгінде 213 мыңнан асады. 18 елдімекенде 494 көпқабатты тұрғын үй, 29 762 жеке секторлы үй,  595 көше бар. Аудан халқы ауызсумен 98 пайызға, электр жарығы 98 пайыз, табиғи газ 96 пайызға қамтылған.

Сайрам елдімекені және Қызылсу тұрғын алабы ауызсуды кестемен тұтынатындықтан, биыл бұл мәселе шешімін табатын болады. Яғни, 2023 жылға аудан халқын ауызсумен 100 пайызға қамту жоспарланған. Айта кетейік, Бозарық саяжайының жаңа құрылыс аумағын ауыз сумен қамту жұмыстары да биыл жүргізіледі. Сондай-ақ, ауданды 100 пайыз электр қуатымен қамту жұмыстары да биылға жоспарлануда. Мәселен, былтыр Тұран, Қайнарбұлақ, Достық, Асар-2, Нұртас шағын аудандарына тоқ көзі жеткізілсе, биыл Бозарық саяжайының жаңа құрылыс аумағындағы 1200 абонент электр жарығына жалғанады. Бұл Қаратау ауданы толық электр жүйесімен қамтылады деген сөз.

Табиғи газ құбырына келсек, биыл 15 мыңнан аса тұрғыны бар Тассай елдімекенімен бірге Бозарық саяжайының жаңа құрылыс аумағы табиғи отынға қол жеткізеді. Жалпы аудан халқын толық 100 пайыз газбен қамту 2025 жылға межеленген. Жоспарға сай, Шапырашты, Таскен, Өтеміс, Қызылсу елдімекендеріне газ тартылатын болады. Ал 2025 жылы Достық тұрғын алабы, Мәртөбе, Мирас елдкімекендерін қамту басты назарда.

Бқдан бөлек, биыл Тұран ауданы аумағындағы 22 көше жарықтандырылады деп жоспарланған. Қазіргі Құрсай елді мекеніндегі Аққыстау көшесін жарықтандыру жұмысы басталып, нысан маусым айында толық іске қосылатын болады.

Алдыңғы пост
Қазығұрт шағын ауданындағы мектеп күрделі жөндеуден өтуде
Келесі пост
Қыркүйекте Құрсай шағын ауданы ауызсумен толық қамтылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu