А2 автомобиль жолының 2-кезеңі 15 шілдеде аяқталады

364

Бүгінде Тәшкен – Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. 31 шақырым жолды жаңарту жұмыстары 8 кезең бойынша атқарылады. Қазір 1-ші және 3-ші кезеңінің құрылыс жұмыстары және Бадам өзенінен өтетін көпірдің құрылысы аяқталды.

Бүгін қала әкімі М. Әйтенов жауаптылармен бірге Ынтымақ шағынауданына баратын жол қиылысынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты құрайтын нысанның 2-ші кезеңінің құрылыс барысын қадағалады. Жоба бойынша ені 30 метр, 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, тратуар, жарық шамдар орнату қарастырылған. Қазір сақиналы жолдың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру 15 шілдеге жоспарлануда.Сонымен қатар, А-2 айналма жолында Алаш базары маңында жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру 1 қыркүйекке жоспарланып отыр.

7-ші кезең Бозарық айналма жолынан Самара-Алматы тас жолына дейінгі аралықты қамтиды. Нысанның жалпы ұзындығы – 1,8 шақырым, ені – 40 метр. Нысанда қазір инженерлік желілердің орындары ауыстырылуда.

Нысанның 8-ші кезеңі Бәйдібек би даңғылынан Шымсити шағын ауданына дейінгі аралықты қамтиды. Жоспарға сәйкес, жалпы ұзындығы 1,8 шақырым автомобиль жолының ені 40 метр, 6 жолақты. Құрылыс нысанында бригадалар инженерлік желілердің орнын ауыстыру, жол негіздерін салу, суағар құбырларын тарту жұмыстарын жүргізуде. Жоспарға сәйкес нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Жобаға сәйкес жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде Арғынбеков көшесі, жоғарғы деңгейде Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады.

Қала әкімі: «Қалада көлік кептелісін азайту үшін Арғынбеков көшесі мен Бәйдібек би даңғылының оң жақ өткелдерін кезең-кезеңімен көлік қоғалысына ашуды ұйымдастырыңыздар. Нысанды өндірістік кестеге сай тапсыру үшін жұмыс қарқынын арттыру қажет» -, деген болатын.

Нәтижесінде тиісті жұмыстар реттелді. Қазіргі таңда, инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізілуде. Осы ретте, Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс жұмыстарын сапалы, өндірістік кестеге сай жүргізуді және  жүргізіліп жатқан жұмыстарды жауапкершіілкпен атқаруды тапсырды. Сонымен қатар, барлық нысандарды уақытында қолданысқа беруді тапсырды.

Алдыңғы пост
Жоғалған 15-ші орманшының тракторы табылып, өзін іздестіру жалғасуда
Келесі пост
Өтегенов көшесінің 1-кезеңі аяқталуға жақын

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu