Ғабит Әбдімажитұлы сыздықбеков шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды

268

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қалалық мәслихат депутаттарының жиналысына қатысып, қала әкімі лауазымына Рашид Мыңбаев пен Ғабит Сыздықбековтің кандидатураларын таныстырды. Ә. Смайылов Мемлекет басшысының тиісті хатын оқыды. Ашық дауыс беру нәтижесінде 10 депутат Р. Мыңбаевқа дауыс беріп, 19 депутат Ғ. Сыздықбековтің кандидатурасын қолдады. Жиналысқа барлығы 29 депутат қатысты.

Ғабит Сыздықбеков 1980 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің атташесі қызметінен бастаған.

2005-2006 жылдары – ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің үшінші хатшысы; ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы

2006-2007 жылдары – ҚР СІМ Кеңсесі баспасөз қызметінің үшінші хатшысы; екінші хатшысы

2007-2011 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының аппаратында түрлі лауазымдарды

2011-2012 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы

2012-2017 жылдары – Франция Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі

2017 жылғы тамызда ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің кеңесшісі

2017-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі; ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі

2019 жылғы мамырдан бастап қыркүйекке дейін – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі

2021 жылғы шілдеде  ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары қызметтерін  атқарды.

Айта кетейік, бұған дейін, Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы  Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарды. Ол, 1981 жылы 30 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында туған. 2004 жылы армия генералы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» мамандығы бойынша бітірген.  2011 жылы Қазтұтынуадағының Қарағанды экономикалық университетің «заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған. еңбек жолын Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған. 2019 жылдың 27 желтоқсанынан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 2020 жылдың  21 қаңтарынан – Шымкент қаласының әкімі, 2022 жылдың 1 желтоқсанында осы лауазымға қайта тағайындалды.

Алдыңғы пост
Тұран ауданы: 310 көп қабатты тұрғын үй жылу маусымына дайындық жұмыстарынан өтті
Келесі пост
Шымкент: “Бір үй – бір бірлестік – бір шот” қағидасының тиімдімділігі көп

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu