Әлібай Жұмабаев мемлекеттен бес миллион теңге қайтарымсыз грант алып, пенопласт шығарумен айналысады. Олар арнайы аппараттарын Ресей елінен алдыртып, бизнесін өркендетуде. Айтуынша, кәсіпті бастағанына көп болмаған. Десе де, бір жылдың ішінде, 10 мың текше метр пенопласт өндіріп үлгеріпті. Қиындығы мен қызығы қатар жүрген бұл салада, сынбау керек дейді кәсіпкер.
Әлібай Жұмабаев, кәсіпкер:
«Биылдылдықты есептегенде, он мың текше метр шықты. Айына шамамен 700,800 тоғыз жүздей шығады. Біз басында қайтарымсыз бес миллион теңгеге грант ұтып алдық. Содан бастадық. Жайлап-жайлап. Өзіміздің де біраз қаражатымыз бар еді. Үстінен түскен пайданы өзіне салдық. Былтыр наурыз айында бастағанбыз»
Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы, өз кәсібін дамытып отырған Agrotop мекемесі. Олар, жылыжайдағы зиянкестермен күресу мақсатында пайдалы жәндіктерді шығарып жатыр. Яғни, алыс- жақын шетелдегі іс- тәжірибе бойынша, елімізге жаңа технологияны әкеліп, бизнесті дамытуды қолға алған. Мемлекеттен қолдау ретінде берілген бес миллион теңге, аз ғана шығынымызды жапты деп отыр. Соған қарамастан, нарықта бәсекеге қабілетті өнім өндіру саласында көш бастап тұр.
Мамадали Артходжаев «AGROTOP» ЖШС-нің директоры:
«Біз осы салада алты жылдан бастап жұмыс істеп жатырмыз. Бастапқы кезде, көп нәрселерді Қазақстанға алып келіп сататын едік. Содан кейін, түрлі жағдайларға байланысты, логистика қымбаттады, энтомофагтар өліп келетін болды. Соған байланысты, өз елімізде шығарамыз деп шештік. Грант бойынша бес миллион теңге ұтып алдық. Ол бізге ештеңе болмайды. Бірақ біздің шығынымызды жапты»
Айта кету керек, зиянкестермен күресетін жәндіктердің бес түрі өндіріледі. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар дейді мамандар.
Қуаныш Исат «AGROTOP» ЖШС-нің сату бөлімінің басшысы:
«Бұл кене, зиянкестермен күреседі. Зиянкестер тұқымын салады. Ал бұл кене соларды жейді. Бір ыдыста елу мың кене бар»
2019 жылдан бері, 170 ке жуық адамға мемлекеттен қайтарымсыз грант берілген. Оның ішінде 30 дан астам азамат, берілген қаржыны мақсатсыз пайдаланған. Оларға қатысты заң аясында тиісті шешімдер қабылдануда.
Үсен Исаев Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиісті шаралар жүргізілуде. Немесе бекітілген ереже тиісті өзгерістер енгізілетін шаралар атқарылып жатыр. Жаңа айтқан 170 тің 38 бойынша талап – арыз жолданған. Ол бойынша бюджеттің ақшалары қайтарылатын болады.»
Айта кету керек, мамыр айынан бастап кәсібін кеңейтемін дегендерге тағы да мүмкіндік берілмек.