Алматыда басы шабылған әйелдің мәйіті табылды

333

Алматыда Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимарат жанынан басы шабылған әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы полицияның 102 пультіне бүгін сағат 08:42-де хабар келіп түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, тиісті жұмыстар жүргізді. Қараусыз қалған ғимарат маңындағы сауда орындарының бірінен мәйіттің басы табылды.

ІІМ Telegram-каналындағы ақпаратқа сүйенсек, басы шабылған әйел 1976 жылы туған азаматша екені белгілі болды. Тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде. Адам өліміне қатысы бар күдікті іздестірілуде.

Алдыңғы пост
Үшінші мегаполисте “Тарифті инвестицияға ауыстыру” жобасы белсенді іске асырылуда
Келесі пост
Мәжіліс депутаты ТікТок қолдануға тыйым салуды ұсынды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu