322
Қарағандыда облыстық клиникалық аурухананың № 1 перинаталдық орталығында салмағы 6200 грамм сәби дүниеге келді. Жаңа туған нәрестенің салмағы соңғы 30 аптада жасаған УДЗ-де ата-ана үшін тосын сый болған.
Дәрігерлер баланың үлкен алдын ала болжаған екен. Өйткені жас ананың бұның алдындағы баласы 4600 грамм боп туылған. Алайда отбасындағы үшінші сәби басым болып, салмағы 6200 грамм болды.
Дәрігерлер бала мен ананың жағдайы қанағаттанарлық жағдайда деп отыр.
Айта кетейік, 2023 жылдың басынан бастап № 1 перинаталдық орталықта 174 алып сәби дүниеге келді. Көбінің салмағы 4 келіден асқан. Ал 9 сәбидің салмағы 5 келі және одан да көп боп туылған.