Қарақшылық жасап сотты болған азамат Ресейде қолға түсті

186

Діни алауыздықты қоздырды деген күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды.

Күдікті 2016-2017 жылдары Алматы қаласында бірнеше рет діни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың діни сезімдерін қорлауға, азаматтардың дінге деген көзқарасы негізінде олардың эксклюзивтілігін, артықшылығын және кемістігін насихаттауға бағытталған әрекеттер жасаған деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

Бұл қылмыстың өзге де қатысушылары әртүрлі жауаптылыққа тартылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған болатын.

Осыдан кейін, 2017 жылы күдікті Мәскеуде қарақшылық жасап, сотталған.

Ресейде жазасын өтегеннен кейін аталған адам қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға қайтарылды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Алдыңғы пост
Жалған риэлторлар тар қапасқа қамалды
Келесі пост
Алматыда автобус көпірден құлап, өзге көлікті басып қалған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu