Қатерлі ісікпен есепте тұратын балаларға әлеуметтік көмектер төленуде

543

Биылдан бастап Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде қатерлі ісік ауруы бойынша диспансерлік есепте тұратын балаларға әлеуметтік көмек төлене бастады. Дертке шалдыққан балалардың еміне жергілікті бюджет есебінен қосымша көмек ретінде ай сайын 5 АЕК, яғни17 250 теңгеден берілуде. Сондай-ақ, елімізде күшіне енген әлеуметтік кодекс аясында жыл басынан бері табысы аз отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі  балаларына берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама  монетизацияланды. Әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткішті құрайтын  5 175 теңгеден берілуде.

Шымкентте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген 10 800 отбасыға (54 675 адам) тағайындалған. АӘК жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға беріледі. 2023 жылдың үшінші тоқсанына кедейшілік шегі 32 716 теңгені құрап отыр. Мемлекеттік қолдау табысы аз азаматтарға кешенді әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді. Оларға ақшалай төлемнен бөлек, жұмыспен қамту , қысқа мерзімді кәсіптік оқыту мен мемлекеттік қайтарымсыз грант түрінде әлеуметтік қолдаулар жүзеге асырылуда.

Бқдан бөлек, “Қамқорлық” орталығы іске қосылған болатын. Орталық психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетеді. «Қазақстан халқына» қоры мен  «Самұрық Қазына» әл-ауқат қорының қолдауымен орталыққа жалпы құны ғимаратты толық жабдықтау үшін 280 млн.теңге инвестиция жұмсалып, қажетті жабдықтар Финляндия, Жапония, Австрия мемлекеттерінен жеткізілген.  Қосымша 164, 6  млн.теңге бөлініп, мамандар арнайы оқытылған.

Мұнда балалар үшін проекциялық интерактивті сенсорлық бөлме, сенсорлық интеграциялық бөлмелер, робототехника лего кабинеті, музыка-терапия, арт-терапия бөлмелері мен тігін, ағаш, қыш шеберханалары қарастырылған. Сыйымдылығы 110 балаға лайықталған орталықта қазір 40-қа жуық бала ем алуда.

Сонымен қатар, былтыр қалада  «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант иегері атанған 1096 азамат қазір өз қызметін салық органдарында тіркеп, есептерін тапсырған. Мамандар қаражаттың мақсатты жұмсалуына қатысты ұдайы тексеру жүргізіп отырады. Басқарма тарапынан былтыр грант алған 893 азаматтың кәсібіне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 827 азамат жұмыс орнын ашып, қосымша 25 азамат жұмыспен қамтылды.  Биыл әлеуметтік осал топты азаматтарға арналған грантты 447 адамға  беру жоспарланған. Жыл басынан бері өткізілген бірінші және екінші лекте 6 мыңға жуық азаматтан өтінім түсіп, 227-не оң шешім қабылданған.

Алдыңғы пост
Шымкентте жыл басынан бері 12 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды
Келесі пост
Шымкентте ерекше акция өтті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu