Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ақпаратына сүйенсек, каналда балықтың қырылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Бірақ, не себепті қырылып қалғаны белгісіз.
Атырау облысының Жылыой ауданындағы Соленое каналында балықтың қырылғаны анықталды. Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, бұл жағдай туралы барлық мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды. Осы ақпаратты тексеру үшін бүгін, 2 қаңтарда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы, жергілікті атқарушы орган, экология департаменті қызметкерлерінен құралған комиссия оқиға орнына аттанып кетті, – деп хабарлады инспекцияның баспасөз қызметі.
Енді судан алынатын сынаманың қорытындысынан себебі агвқталмақ.