Аустралиялық туристің жоғалуына байланысты іс қозғалды

Теги: , ,
435

Алматы полициясы Аустралия азаматының жоғалып кету дерегі бойынша іздестіру ісін қозғады. Қазіргі таңда криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен кинолог-мамандар арасынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. 

«Шетелдік азаматты іздеу бойынша барлық полиция бөлімшелеріне бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар еріктілердің ресурстары барынша пайдаланылуда. Қазір қолда бар ақпаратқа сәйкес, Аустралия азаматын 21 мамырда Үлкен Алматы көлі аймағында көрген. Ер адам космостанцияға қарай бет алған. Аталған аумақты ескере отырып, тікұшақ бригадалары мен республикалық жедел-құтқару жасағының күштері тартылды. Бейнебарлау дрондармен жүргізіліп жатыр», – деді Алмалы аудандық ПБ бастығы Есен Ысқақов.

Еске салсақ, бұған дейін еріктілер 1995 жылы дүниеге келген шетелдік туристің  Үлкен Алматы көліне кетіп, қайтып оралмағаны туралы дабыл қаққан болатын.

Алдыңғы пост
Қазақстанда халық санының 42 пайыздан астамын балалар мен қарттар құрайды
Келесі пост
Жоғалып кеткен туристің денесі Аюсай шатқалынан табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu