Қазақстан Еуропа елдеріне қарағанда суды 3 есе көп жұмсайды

192

Қазақстан халқы Еуропа елдеріне қарағанда суды 3 есе көп жұмсайды. Мұндай мәліметті Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы айтты. Өз сөзінде спикер суға ұқыпты қарау керектігін және су арналарын автоматтандыру жобаларына тоқталып өтті.

«Ауыз су тапшылығының себептерінің бірі – оған немқұрайлы қарау. Бұған Мемлекет басшысы да назар аударған еді. Ол су ресурстарын ұтымды пайдалану, өкінішке орай, бізде жоқ суды тұтыну мәдениетіне байланысты екенін атап өткен болатын. Сонымен, жеке тұтынуда біз суды Еуропа елінің тұрғынынан үш есе көп жұмсаймыз»,-деді комитет төрағасының орынбасары.

Әзімбек Пазылбекұлы Қазақстанда су тапшылығы бар екенін, сондықтан дамыған елдердегідей ерте жастан бастап суға ұқыпты қарауды сіңіру қажеттігін алға тартты.

БҰҰ болжамы бойынша 2030 жылға қарай әлемде су тапшылығы 40%-ға дейін жетуі мүмкін.

Елімізде тарифтерді қалыптастыруға әлеуметтік көзқарас су арналарын қаржыландырудың жетіспеушілігіне және сәйкесінше олардың тез тозуына әкелді. Судың коммерциялық және техникалық ысыраптарын, апаттар мен есепке алынбаған шығындарды азайту мақсатында республикалық бюджет есебінен су арналарын автоматтандыру жөніндегі жобаларды қаржыландыру жоспарлануда.

«Автоматтандыру, сайып келгенде, дамытудың оңтайлы үлгілерін құру есебінен сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу мен реконструкциялауға болашақ шығындарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджетті оңтайландыруға мүмкіндік береді. Осы мақсаттарға республикалық маңызы бар қалаларда автоматтандыруды жүргізу үшін бюджеттен шамамен 25 млрд теңге қажет болады. Бұл ретте жобаларды іске асырудың тиімділігі айқын. Коммерциялық және техникалық су шығындары 15-40%-ға, апаттылық 30-50%-ға дейін төмендеуі мүмкін», – деді спикер.

Алдыңғы пост
Шымкенттік түлектерге мамандық таңдауда кеңестер беріліп жатыр
Келесі пост
Антикор Шымкенттегі білім саласының жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu