420
Түркістан облысы Қазығұрт ауылындағы екі қабатты үйден бірнеше отбасы шұғыл эвакуацияланды. Өйткені, осыдан бір жыл бұрын берілген үйдің қабырғасы қақ айырылып, едені опырылып түскен.
Қуаныштары қойнына сыймай қоныстанған дардың барлығы ерекше жандар мен көп балалы отбасылар екен. Осыған қарамастан, тұрғын үйді қабылдап алған әкімдік өкілдері, осында тұратын азаматтарды кінәлап отыр. Айтуларынша, кәріз суын дер кезінде құрғатпай, баспананың астына су жиналған екен.
Қазіргі таңда, сараптама тағайындалды. Оған дейін тұрғындар мемлекеттік қызметкерлерге арналған сапалы үйді уақытша паналамақ.