325
20 сәуірде Күннің гибридті тұтылуы болады. Оның ерекшелігі – Жердің әртүрлі аймақтарында тұратын тұрғындар сақина тәріздес немесе толық тұтылуды көреді. ТАСС агенттігінің жазуынша, Айдың көрінетін мөлемі күннің көрінетін көлеміне сәйкес келеді. Жерден Айға дейінгі қашықтық үлкен болған жерде Ай Күннен кішірек болып көрінеді және осы кезде сақиналы тұтылуды көруге болады. Қашықтық аз болған жерде Ай Күн сияқты үлкен болып көрінеді. Сондықтан оны толығымен жабады. Мұндай тұтылу соңғы рет 2013 жылы болған.
Толық тұтылуды Аустралия мен Индонезияның кейбір аралдары, сақина секілді тұтылуды Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тұрғындары көре алады.