БҚО-да жол апатынан мотоциклші мерт болды

159

Батыс Қазақстан облысында жол апаты болып, мотоцикл тізгіндеген жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды. Оны жеңіл көлік жүргізушісі қағып кеткен.

Оқиға кеше, 10 сәуір күні Бәйтерек ауданының орталығы Переметный кентінде сағат шамамен кешкі 19.30-да болған. 1997 жылы туған жүргізуші «Volkswagen Passat» автокөлігімен келе жатып, Гагарин көшесінде орналасқан №92 үйдің қарама-қарсы бетінде бұрылған. Осы кезде «Suzuki» мотоцикліне жол бермеген. Соның салдарынан мотоциклді тізгіндеген 35 жастағы жүргізушіні қағып кетті.

Облыстық Полиция департаментіндегілер жола апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Алдыңғы пост
Шымкентте кәсіпкерлердің салықты артығымен төлеп келгені белгілі болды
Келесі пост
Шымкенттіктерге арналған ТОП – 5 мемлекеттік қызмет

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu