Балаларға бірнеше ойын алаңшалары тарту етілді

438

Мемлекет басшысының бұқаралық және балалар спортын дамыту бойынша берген тапсырмасына сәйкес, Шымкентте спортты қолжетімді ету мақсатында көптеп ашық спорт алаңшалары мен балалар ойын алаңдары салынып жатыр. Қазіргі таңда аулаларды қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, заманауи ойын элменттері орнатылған. Сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігі үшін ойын алаңшаларының едендеріне резеңке жабын төселген.

Президент тапсырмасына орай, бүгін  Шымкент қаласында “Астана күні”  мерекесіне орай балаларға бірнеше  ойын алаңшалары тұрғындардың игілігіне тапсырылды.

“Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында Еңбекші ауданынан қарасты Ш.Уәлиханов көшесі №188 Б көпқабатты тұрғын үй ауласына  балалар ойын алаңшасы орнатылды. Шағын аудан тұрғындары балалармен бірге қуанышқа бөленді.

Биыл Еңбекші ауданы аумағында 29 балалар ойын алаңшасы, сонымен қатар 7 кешенді балалар ойын және спорт алаңшасы орнатылуда.

Қазіргі таңда аудан бойынша 283 көпқабатты үй 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Бұл орайда тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы жергілікті бюджеттің қалыптасуына да өз үлестерін қосып жатыр. Мәселен, 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артқан. Нәтижесінде,  2022 жылы 75 көпқабатты үйдің ауласы абаттанып, жеке секторда 11 кешенді балалар ойын алаңшалары халық игілігіне берілген.

Сонымен қатар, Тұран ауданында 3 ойын алаңшасы балалар игілігіне берілді. Астана күні мерекесі қарсаңында ауданда  3 балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.

Құрылыс жұмыстары 1 ай көлемінде жүргізілді, Қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы нысандарды аралау барысында мердігер мекемелерге ойын алаңшасының құрылысы сапалы, әрі дер кезінде орындалуын тапсырған болатын.

Міне бүгін міне межеге сай Мангельдин көшесі № 36 үйдің ауласында балалар ойын алаңшасы салтанатты түрде аудан тұрғындарымен  бірге қуанышты көңіл-күйде ашылды.

Сонымен қатар, Исмаилова көшесі №24 үй және Арғымақ елдімекеніндегі  балалар ойың алаңшалары да балалар үшін қолдану игілігіне берілді.

Айта кету керек, «Халық қатысатын бюджет» – билікті бұқараға барынша жақындатудың тиімді құралы. Тіпті Мемлекет басшысыда абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта «Халық қатысатын бюджеттің» үлесін арттыруды тапсырған болатын.

Алдыңғы пост
Түркістан облысының теріс статистикалық деректері екі жылды Шымкентке жатқызған. Бас прокуратура мәселеге нүкте қойды
Келесі пост
Шымкент – Сиань әуе рейстері ашылмақ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu