296
“НеМолчи” қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, оқиға Түркістан облысы Сайрам ауданында орын алған. Бейнематериалда ер азамат, қолында кішкентай баланы көтеріп тұрып, шамамен бес-алты жастағы баланы тепкінің астына алған. Шырылдап жылап жатқан баламен қыздың көз жасына қарамады. Қазіргі таңда күдікті уақытша қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Осыған дейін балалар мен ананың өміріне қатысты зорлық-зомбылық жасау бойынша, заң қатаңдатылған болатын.