Батыр бала Данияр – Ұлттық ұлан қатарында

Теги: ,
323

Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінде жас сарбаздар келіп, оларды әскери қызметтің алғашқы дайындығынан өткізетін оқу пунктінің басталғанына айға жуық уақыт болды. Еліміздің әр аймағынан келген жас жауынгерлердің  моральдық психологиялық жағдайы, дене дайындығы зерделеніп, арнайы дайындықтан өткен офицерлер құрамы оқыту үстінде. Алматы облысынан шақырылған сарбаздардың қатарында ұландық жауынгер болуды өзі қалап, мерзімдік қызметін атқаруға келген жастардың арасында кезінде кез-келгеннің қолынан келмейтін ерен ерлік жасаған батыр да бар. Ол – Сатыбалды Данияр Айдынұлы.

2015 жылдың 29 қарашасында оқиға былай болған еді.

Алматы облысы Қарасай ауданы Ұлжан мөлтек ауданында кішкене ғана екі бөлмелі үйді жалдап тұратын Даниярдың ата-анасы күндегі күйбең тіршілікпен жұмысқа аттанған болатын. 11 жастағы Данияр әдеттегіше өзінен кейінгі үш бауыры 8 және 7 жастағы қарындастары Гүлмира мен Динараға және 3 жастағы інісі Дамирге  бас-көз болып, үйде қалды. Оянғаннан бастап тамақ сұраған қарындастарына шай қоймақ болып, газды қосады. Алайда газ пеші мен балонды жалғап тұрған шланг жұлынып кетіп кенеттен газ шығып өрт басталады.  Үрейленген Данияр ішкі бөлмеге кіріп есікті жауып алады. Бала көңіл өрттің қауіптілігін сезінбеді, өрт тоқтайды деп ойлайды. Алайда сыртқа шығатын есіктің қасында тұрған газдан тұтанған өрт өрши түсті. Бірден бауырларын терезе арқылы сыртқа шығаруға кіріседі. Терезенің әйнегін ұрып сындырады, күн салқындағанда үйдің жылуын сақтап тұрсын деп терезенің сыртынан капталған қалың клеенка оған қатты кедергі болады. Бірақ Данияр қарап тұрмады бар күшін салып жыртып, екі қарындасын бір інісін сыртқа шығарады. Сол мезетте сынған әйнектің кесінділерінің бірімен аяғын жарақаттап алады. Данияр бар күшін салып өртеніп жатқан үйге кіріп, отбасының барлық құжаттарын және телефонын алып шығып үлгереді. Анасына қоңырау шалып үлгерген Даниярдың соңғы сәттер есінде қалмады, өйткені ол әрі қарай есін жоғалтып құлаған еді. Жедел жеткен медицина қызметкерлері Даниярды дер кезінде дәрігерлердің қолына тапсырды.

Қаршадай баланың ерлігі еліміздің түкпір-түкпіріне тарап, естіген жұрт таңдай қағып, бастарын шайқады. Батыр баланың адам өмірін құтқару кезіндегі көрсеткен жанқиярлығы мен ерлігі ерекше бағаланып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. «Біз жоқта осы үйдің үлкені өзің, бауырларыңа қара» деп анасының санасына түйіп жүретін ақылын есінен шығармай көзсіз ерлікке барған Даниярдың қиын кезде дұрыс шешім қабылдап, жасаған батыл іс-әрекеті бүкіл елдің мақтанышына айналды. Министрліктің арнайы марапатын тапсыруға келген төтенше жағдайлар департаментінің өкілі: «Мұндай жағдайда бала түгілі ересек адамның өзі қорқыныш пен сасқанынан үрейге жол беріп, саналы шешім қабылдай алмай жатады, бауырларын санамағанда Даниярдың өзі ойын баласы бола тұра дер кезінде батыл шешім қабылдағаны шынында таң қаларлық жайт»,- деген еді. Алайда бұл аңыз емес ақиқат.

Бұл оқиғаның өткеніне 7 жылдан аса уақыт өтіп, сол кездегі батыр бала Данияр бүгінде ел қорғау жолында Ұлттық ұлан қатарында өзінің азаматтық борышын абыроймен атқарып жүр. Оқу пунктіндегі Даниярдың взвод командирі аға лейтенант Оразбай Хайруллаев оның әскери қызметке бейімделіп оқып-үйрену кезіндегі ерекше ынтасы мен қабілетін, салмақты әрі сыпайы мінезін мақтанышпен атап өтті. Данияр әскери мерзімдік қызметін аяқтаған соң, өмірін Отан қорғау жолына арнап, офицер болуды мақсат етіп қойыпты. Ал ел тыныштығының кепілі болып жүрген ұландықтардың қатарына «жүрегінің түгі» бар осындай жауынгерлер керек-ақ.

 

Алдыңғы пост
Жаңаөзен қаласында Ұлттық ұлан жауынгері жылдың үздік маманы атанды
Келесі пост
Мүгедектікке шықпақ болған үш сарыағаштық алаяққа тап болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu