Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 1400 –ге жуық азамат тұрақты жұмысқа жолдама алды

214

Шахмұрат Қайсар ЖОО тәмамдай сала жұмыс іздеуге кіріскен.  Ол бүгінгі  бос жұмыс орындары жәрмекесіне қатысып, өзінің мамандығы бойынша екі қолға бір күрек таба алды. Арманы асқақ азаматтың алға қойған мақсаты да айқын. Ол өзге жастар секілді, елі мен отанына қызмет етпек. Және мұндай жәрмеңке жиі ұйымдастырылса, өзге де жұмыссыздар қуанып қалар еді дейді.

Қайсар Шахмұрат:

– «Мен биылғы бітіруші түлекпін.  Мамандығымы, тарих және педагогика бойынша бітірдім. Сол үшін бос жұмыс орындарына алғаш рет келіп отырмын. Мұндай жәрмеңкелер көп ұйымдастырылғаны жөн. Өйткені жұмыссыз адамадар өзіне керегін табар еді»

Ал ұйымдастырушылар болса, жұмыс іздеген азаматтар  медициналық, техникалық, жеңіл өнеркәсіп  және де басқа да қызмет көрсету салалары бойынша  жұмыс таба алады дейді. Яғни, уақытша және тұрақты жұмыс орындарына жолдама алуға мұмкіндігі бар деп отыр.

– Өздеріңізге белгілі жастарды жұмыспен қамту Үкімет үшін маңызды міндет. Жұмыспен қамту шарасында жәрмеңкенің орасан үлесін ескере, биыл осымен үшінші рет ұйымдастырып отырмыз. Мұндай шаралар жоғарғы оқу орнын тәмамдап, мансап жолын бастаған жас ұрпақ үшін маңызы зор. Оларға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктері ұсынылуда,-деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова.

Үшінші мегаполисте Солтүстік өңіріне қоныс аудару бойынша тиісті жұмыстар атқырылуда.  Тіпті, бүгінгі жәрмеңкеге қатысуға ниет білдіргендің қатары артқан. Бұл жолы Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Абай облыстарынан арнайы келген жұмыс берушілер бос жұмыс орындарын ұсынды. Ал жалпы халықты жұмыспен қамтып,  әл- ауқатын арттыру мақсатында биыл 57 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде  33 500  адамды жұмыспен қамту көзделіп, бүгінде  20 мыңға жуық   адам жұмысқа орналасты. Сондай-ақ, қалада іске асырылып отырған Ұлттық жобалар шеңберінде және жеке кәсіпкерлердің жеке бастамасымен «2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары»  бойынша биыл 23 420 жұмыс орыны (тұрақты – 22 044, уақытша – 1376) құрылады.  Қазірдің өзінде 10 043 жұмыс орны ашылған. Жұмыссыздар санын азайтуда бүгінгі жәрмеңкенің де өз үлесі болары сөзсіз. Сонымен қатар, жәрмеңке барысында 3800 адамға кеңес берілді.

Алдыңғы пост
Тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін ипотекалық бағыттағы конкурс басталмақ
Келесі пост
Шымкент әкімі: «Дендросаябақты ешкім сатпайды»

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu