403
Жамбыл облысында Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен 63 жастағы Тараздық тұрғынды ұстады. Ол, “Чели апай” бүркеншік атымен бұрын героин сатқаны үшін бірнеше рет сотты болған. Қазіргі таңда, зейнеткер, қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, бұған дейін зейнеткердің қызы да есірткі саудасымен айналысқаны үшін ұсталған болатын.