366
Астанада «Есірткісіз елорда» жобасы іске асырылуда. Қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаровтың айтуынша, 108 мыңнан астам адам бақылауда тұр. Оның ішінде есірткіге тәуелді 18 243 адам бар екен.
ІІМ деректеріне сәйкес, биыл сотталғандар – 1200 адам, оның ішінде 800 адам есірткіге байланысты алғаш рет сотталған. Биыл тамыз айында синтетиканың 270-тен астам түрі табылды. Мысал ретінде мифидон, альфа, ПВП, МДМ, фентонил және т.б. Жалақы бойынша келетін болсақ, орташа алғанда салымшының табатын табысы 1,2 млн теңге болады. Көбінесе кәмелетке толмаған жастар жұмысқа телеграм боттар арқылы орналасады, -деді ол.
Айта кетейік, биыл есірткімен күреске бюджеттен 52 млн теңге бөлінген.