Елімізде 8 мыңнан аса бала қызылшаға қарсы екпе алмаған

320

Еліміз қызылша ауруын жұқтырғандар саны бойынша көш бастағаны рас. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы түсініктеме берді.

Бүгін «Қазақстан қызылша ауруын жұқтыру бойынша көшбасшы елдің бірі болды” деген мәлімет қызу талқылануда. Мен оған түсінік берейін. Әлемде қызылша жұқтырғандардың саны 2022 жылы өсе бастады. Ауру жұқтырудың ең көп дерегі Африка мен Оңтүстік-шығыс Азия, Шығыс жерорта теңізі аумағында тіркелді. Еуропа бұл процеске кеш қосылды. Сондай-ақ былтыр қызылшаны жұқтырудың ең көп дерегі Тәжікстан, Түркия және Ресей Федерациясында тіркеле бастады. Қазақстан барлық Еуропа өңірі сияқты процеске сәл кешігіп қосылды. Былтыр қызылшамен аурудың 4 дерегі тіркелді. Биыл ақпанда ауруды жұқтыру жағдайы тіркелді, ал күзге таяу ауруды жұқтырудың жоғары көрсеткіші тіркеле бастады. Мұны стандартты жағдай емес деп сипаттау керек. Өйткені, вакцина алып, бұл ауруға жол бермеу болады. Жалпы ауру деңгейіне халықтың вакцинамен қамтамасыз етілуі әсер етеді, – деді Манаргүл Смағұлова

Ал, басқарма төрағасы қызылша ауруына өршуіне COVID-19 пандемиясы да әсер етті деген ойда.

Ауруға қарсы екпе алған адамдардың саны көп болса, сырқаттанушылық деңгейі де жоғары болады. Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 4 мың бала вакцина салдырмайды. Бұл шамамен дүниеге келген балалардың – 1 пайызы. Коронивирус пандемиясы әлемге де, оның ішінде еліміздегі вакцинацияға да кері әсер етті. COVID-19 пандемиясы кезінде вакцина алмаған балалардың саны сәл өсті. Бүгінде олардың саны 8 мыңнан асады. Осыны ескерсек, ауруға қарсы иммунитет қалыптаспады. Қазір ауруды жұқтырудың осындай көрсеткіші тіркеліп отыр. Сондықтан ауруды болдырмау үшін халыққа вакцина алудың маңызын түсіндіру қажет, – деді Манар Смағұл.

Бұған дейін Қазақстанда екпе алмаған балалар күн сайын қызылша ауруын көптеп жұқтырған.

Алдыңғы пост
2024 жылға арналған зейнетақы жинағы жарияланды
Келесі пост
Таксиді заңсыз жүргізгендер жауапқа тартылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu