Енді заңды түрде жұмыс істегісі келетін әр азамат арнайы оқудан өтуі тиіс. Бұл туралы Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев мәлімдеді.
Қазіргі таңда, жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жүйеге енгізу шаралары жүргізілуде.
“Орталықтың негізгі міндеті – Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасқысы келетін үміткерлерге тілдік курстарды оқыту, корей тілінің тестілеуі, біліктілігін арттыру. Жобаны іске асыру қазақстандықтарға олардың әлеуметтік және еңбек құқығын қорғауға кепілдік беріп, Оңтүстік Кореяда 3 жылға дейін заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді”, – деді Асқарбек Ертаев.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орналасқан тестілеу орталығында 500-ден аса компьютер орны бар. Қазақстан азаматтарын Қонаев атындағы көпбейінді колледжінде оқыту көзделіп отыр. Олар Оңтүстік Кореяға бармас бұрын осында оқытылады дейді мамандар.
Айта кетейік, орталық қажетті материалдық-техникалық базасымен жабдықталған. Сонымен қатар, оқу аудиториясы бар.